Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда көп балалы аналар ашық әкімдікке келді

c 16:25, 13/02/2019 c 595

0:00 / 0:00

Орал қаласында дәстүрлі ашық әкімдік шарасы өтті. Қазақ драма театырына жиналған халықтың қарасы қалын.Адамдарды негізінен баспана мәселесі мен жұмыссыздық мәселесі толғандыратыны белгілі болды.Келушілер әкімдік қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Бүгін БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов пен Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бастаған бір топ шенеунік халықпен кездесу өткізді.Ашық әкімдік шарасы аясында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын билік өкілдеріне жолдауға мүмкіндік алды.Сондай жандардың бірі Лейлия Бобырешева.Жетімдер үйінің түлегі баспана алуға көмек қолын созатын адам іздейді.
Тұрғындарды негізгі толғандыратын мәселе баспанасыздық.Одан кейін жұмыссыздық, атаулы көмектерді алу мәселесі, жер қатынастарына қатысты сұрақтарын қойғандар да бар.Қала маңында саяжайларда тұрып жатқандар да әкімге келіп өз мәселелерін жеткізді.
Бұл жолғы ашық әкімдік шарасына өзгеше леп берген бір мәселе бар.Ол БҚО - ның көп балалы аналары жиналып осы жиынға арнайы келген.Ондағы мақсаттары БҚО басқарып отырған билік өкілдеріне аналардың мұңын жеткізу, көп балалы аналарға қамқорлық мәселесіне қатысты ұсыныстарын айту.Аналардың көбі сол баспана мәселесін қозғады.
Аналармен кездескен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қазіргі сәтте осы көп балалы аналар мәселесіне қатысты облыстық жұмыс тобының құрылғаның мәлімдеді. Облыс деңгейінде шешуге болатын кейбір мәселелер осы аймқтан шықпай шешіледі ал, бір облыс көтере алмайтын дүние болса республикалық жұмыс тобына жолданады деді көп балалы аналармен кездескен Ғабидолла Оспанқұов.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.