Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда ботаникалық бақ салынады

c 18:04, 09/08/2021 c 1012

Орал қаласында алдағы уақытта ботаникалық бақ іске қосылады. Бұл туралы өткен жұмада облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету бойынша онлайн өткен өңірлік кеңестің кезекті отырысында белгілі болды. Бұдан бөлек кеңесте тағы ауқымды екі жоба мақұлданды. Исаев атындағы халықаралық экспериментальдық тәлімбақ басшысы Қайрат Кәрімов Орал шаһарында көрікті ботаникалық бақ ашу жобасымен кеңеске қатысушыларды жан-жақты таныстырып өтті. Яғни, алдағы уақытта тұрғындар мен қала қонақтарына қуаныш сыйлайтын жасыл желекке оранған жаңа ботаникалық бақ өсіріледі. Құны 400 млн. теңге тұратын жоба - 2031 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады. Бұдан бөлек Орал қаласында құрама жем шығаратын шағын зауыт ашу жөніндегі жоба таныстырылды. Аталмыш жоба жетекшісі, жеке кәсіпкер Диана Әбуова сөз алып, негізінен бұл жобаның өзіндік құны 161 млн. теңгені құрап отырғанын, жылдық қуаттылығы 10 мың тонна өнім шығаруға жететінін әңгімеледі. Әрі оны іске қосу келер жылы толық іске асырылатынын, негізгі құрылыс жұмыстарына 25 адам тарту көзделіп отырса, пайдалануға берілгеннен кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын да жеткізді. Келесі кезекте Теректі ауданының Шағатай ауылдық округіне қарасты Қарабас ауылы жерінде бастапқыда 1000 гектар алқапқа жоңышқа өсіру бағытындағы ой-жоспарларын ортаға салды.
Осылайша аталмыш үш жоба да бірауыздан мақұлданды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.