Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда бомба туралы жалған ақпарат берген әйел ұсталды

c 16:35, 28/01/2019 c 472

Орал қаласында бомба қойылды деп жалған қоңырау шалған әйел қолға түсті.27 қаңтар күні сағат 14:00 де 102 қоңырауына Орал қалалық Абай полиция бөлімшесіне бомба қойылған деген қоңырау келіп түседі. Жедел атқа қонған тәртіп сақшылары мен мамандар Абай бөлімшесінен ешқандай қауіпті затты таппаған.БҚО ПД экстремизмге қарсы күрес бөлімінің жедел іздестіру шарасы аясында 1985 жылы туған әйел адам қолға түскен.Әйел адам сол мезетте қамауға алынған. "Экстремизм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр",- деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.Қолға түскен әйел бұған дейін де дәл осындай әрекет жасаған, бірақ ол әректеінен ешқандай нәтиже шығармаған. Терроризм туралы жалған қоңырау шалған әйел енді бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.