Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда автокөлік жүргізушілері сұйытылған газ бағасының өсуіне наразы

c 17:53, 26/02/2018 c 776

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласында қымбатшылыққа қарсылықтарын білдірген жүргізушілер биліктен бұл өсімді тоқтатуды сұрап, Шаған жағалауы көшесінің бойындағы қос сарбаз ескерткіші алдына жиылды. Газель көліктерінің егелері осы жерде облыс әкімі атына ашық арыз хаттарын жазып, газ бағасын төмендетуді талап етті.

Газель маркілі жүк тасымалымен айналысушы авто көлік жүргізушілері қазір газ бағасының шарықтауынан үлкен шығынға батып отырғандарын айтады. Екі айға жуық уақытта БҚО-да газ бағасы 63 теңгеден 85 теңгеге дейін өсіп отыр. Сұйық отынның бағасының қымбаттауына қатысты жүргізушілер биліктен энергетика министрлігі мен газ жеткізушілер деңгейінде брифинг өткізуді талап етуде. Жанармайға қарағанда арзан деп газға көшкен жүргізушілер есептерінен жаңылдырған шектен тыс өсімнің қалталарына үлкен салмақ түсіргеніне наразы.

-"Біз биліктен бұл бассыздықты тоқтатуын талап етеміз. Көрші облыстарда газ бағасы бізден әлдеқайда төмен. 50-60 теңге көлемінде. 2 айда 20 теңгеге дейін қымбаттау деген масқара ғой. 10 литр газ алатын болсақ, 3000 теңгеге көп төлейміз. Біз әкімдік брифинг өткізіп, газдың ақысын төмендетуін талап етеміз!"-дейді Жолдасқали Мұратов.

Қазіргі кезде облыс орталығындағы бекеттерде сұйық отынның әр литрі 80-85 теңгеден сатылып отыр. Газдың әр тоннасына бағасы 87 мың теңгеден жіберіледі екен. Ал "Жайық мұнай" ЖШС болса, әзірге облысқа қажетті өнім көлемін бекіту мәселесі шешілмегенін мәлімдеді. жақын аралықта министрлікте арнайы меморандумға қол қойылып, тиіс көлем анықталуы тиіс екен. Бұл отын түрін аймақта 9 мыңға жуық автокөлік тұтынады. Облыстың сұйытылған газ тұтынудағы сұранысы 2700 тоннаны құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.