Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда 40 жылдамдық өлшегіш камера қойылады

c 18:10, 22/01/2020 c 539

 

Биыл Орал қаласында 40 жылдамдық өлшегі камера қойылады. Одан бөлек 14 интеллектуалды камера, 200 бейнебақылау құрылғысы қойылады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 870 млн теңгедей қаражат бөлініп отыр. Облыс орталығында жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында 300 көшені жарықтандырмақ.

Орал қаласы жол апаты санынан ірі қалалардан қалыспай тұр.Өкінішке орай,  Оралда жол апатыннан екі күнің бірінде адам өлуі қалыпты жағдайға айналып кетті. Осындай қайғылы оқиғалардың санын азайту үшін Орал қаласында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мәселен, облыс орталығында бейнебақылау құрылғылары қойылмақ. Қалада 14 интеллектуалды камера, 40 жылдамдық өлшегіш құрылғы мен 200 бейнебақылау құрылғысы орнатылмақ. Бұл үшін 870 млн теңге ақша бөлініп отыр. Сондай-ақ, бейнебақылау құрылғысынан бөлек қаланың жарықтандыруына көп көңіл бөлінбек. Мәселен, облыс орталығында 378 жаяу жүргішілерге арналған жолақ бар. Өткен жылы олардың 108 жарықтандырылмаған еді. Биыл 58 орын жабдықталып, 50-і жарықтандырылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қаладағы 15000 жарық диотты шамдар алмастырылмақ. Жалпы 300 көшені жарықпен қамту көзделіп отыр. Бұл үшін 2,4 млрд теңге бөлінген.

Тас жолдардың уақытылы қардан тазартылмауы жол көлік оқиғаларының тіркелуіне алып келеді. Биылғы жылдан бастап қаланың көшелері қалай қардан тазаланып жатқандығын тексеріп, бақылайтын арнайы мониторинг жүйесі іске қосылды. Бұл өз кезегінде көшелердің қалай, кімдер жинап, қанша машина ақ ұлпаны жиыстырып жатқандығын, олардың қай уақытта арнайы полигонға барғаны туралы ақпаратты онлайн түрде көрсетіп отырады. Тексерісті қолға алған компания бұл бюджетті үнемдеуге сеп болатынын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.