Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда 15 базар жаңғыртылады

c 16:33, 10/12/2020 c 1033

0:00 / 0:00

Президенттің тапсырмасына сәйкес, еліміздің аумағында ашық аспан астында орналасқан барлық базарлар модернизациядан өтіп, заман талабына сай ғимараттарға көшуі керек. Қазіргі таңда облыс орталығында 20 базар бар. Олардың 15-сін 2025 жылға дейін жаңарту жоспарланған.

Орал қаласында 20 базар бар. Олар тұтынушылардың сұранысын өтеп, мыңдаған отбасының табыс орнына айналып отыр. Осыдан алты жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашық аспан астындағы базарларды жаңғырту туралы тапсырма жүктеген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес барлық сауда нысандарының иелері базарлардың орнына біртіндеп сауда үйлерін салып жатыр.

Облыс орталығында бірнеше базар жаңартудан өтіп, қазір жылы ғимаратта жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіпкерлер жабық нысандарда сауда жасаудың ыңғайлы екенін айтады.

Ал ашық базарлардағы саудаға үйреніп қалған жандар таза ауада жұмыстанғанды құп көреді.

Тұтынушылардың базарлардың жаңартылуына байланысты пікірлері екіге жарылды.

Алдағы 5 жылда Оралда 15 базар жабық ғимараттарға көшіріліп, жұмысын жаңғыртады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.