Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал тағы сусыз қалды

c 17:40, 27/06/2019 c 912

0:00 / 0:00

Оралда тағы да кәріз коллекторы жарылып тұрғындар сусыз қалды. Бұл жолғы апат кеше кешқұрым байқалған. «Батыс су арнасы» ЖШС мамандары апат бұған дейінгідей сапасыз метерилдан жасалған құбырдың жарылуынан болып отыр деп  мәлімдеді.«Айта айта алтайды жамал жамал апа қартайды» демекші осымен бірнеше мәрте жер асты кәріз құбырының жарылуы тұрғындарды тіршілік нәрінен тарықтырып отыр. Бұл жолы да шамамен 120 мың халыққа ауыз су тасымалдануда. «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Нұр Хамитұлының айтуынша, бұл мәселе толықтай тек 7 шақырым құбырды ауыстырғанан кейін ғана шешімін табады. Оқиға орынында қазір серіктестіктің 40 тан аса техникасымен 70-ке жуық жұмысшысы қызмет етуде. Шамамен кем дегенде екі күн қаланың Солтүстік-шығыс және Деркөл ауылы тұрғындары ауыз сусыз қалмақ. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары дереу қолға алынған. Сол себепті тұрғындар ауыз су жинақтап алуы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.