Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Білімдіге өріс кең

c 19:54, 07/09/2018 c 955

0:00 / 0:00

Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Мәдениеттер диалогы ана тілді сақтау  мәселелері және келешегі» тақырыбында Татарстан мемлекетінен келген делегаттардың қатысуымен ғылыми конференция өтті. Конференцияда болашақта қос елдің білімге құмар жастары үшін атақарылмақ жұмыстар сараланды.

Қазақстанның мыңдаған студенті осы күні шетелде білім алады. Олардың саны жыл санап артып келеді. Статистикалық деректер осындай. Еліміз әлемнің беделді университеттерімен келісімшарт жасасып, қазақ жастарына жырақта білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Яғни Татарстандағы бірқатар ЖОО-ы Қазақстанмен берік байланыс орнатқан білім ордасы. Бүгінде Татарсандағы ЖОО-ы батысқазақстандық білім құмар жастарға таңсық емес.

Жалпы қазақтың Қазанға деген ықыласы ерекше болған. 19-ғасырдың басында Жәңгір хан татар халқының астанасында болып, ондағы Қазан университеті ғалымдарымен бірлесіп кітаптар басып шығарған деген дерек бар. Конференцияда ғалымдар қос елдің ортақ мәдениеті мен тілдеріндегі ұқсастық туралы да сөз қозғады.

Сондай-ақ, конференцияда Татарстан мемлекетінен келген делегаттар өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде ілім мен ғылым қуған жастардың таным-көкжиегінің кеңейіп, ел болашағы үшін маңызды жаңалықтарды ашатынына сенім білдірді.

РАФИС БУРГАНОВ
ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИИИСТІРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ақжайық өңірінің іргелі оқу орындарында болу арқылы білімге құмар жастарымыздың болашағы туралы сөз қозғап, алдағы уақытта тығыз қарым қатынас орнату қажеттігін ұғындық. Себебі біздің жастарымыз Қазақстанда, ал Қазақстан жастары Татарстанда білім алып қос елдің дамуы жолында еңбек етсе, зор мәртебе. Біз Ақжайық жерін туған елім деп санаған Ғаболла Тоқайға көрсетілген құрмет үшін қазақстанға қарыздармыз. Бұл қанақжай елдің даладай дархан көңілі. Президент Н.Назарбаев достықтың туын желбіретуде барынша жағдай жасауда. Ал біз достықты әрдайым қолдауға дайынбыз.

Жиында қос елдің ғалымдары алдағы уақытта ЖОО-лар өзара меморандумға қол қойып, ортақ жұмыс атқаруға уағдаласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.