Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының тұрғыны Виктория Столбоушкина көмекке мұқтаж

c 16:44, 01/08/2019 c 677

0:00 / 0:00

Орал қаласының тұрғыны Виктория Столбоушкина көмекке мұқтаж.Әлеуметтік жағдайы сын көтермей отырған әйел қайырымды жандардан үмітті.Денсаулығы сыр берген әйел екі қызымен тұрып жатыр.Басындағы баспанасы да ешқандай талапқа сай келмейді.Бұл үйге Виктория наурыз айында көшіп келіпті.Үйді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді ойластырған.Алайда үйдің қажетті құжаттары болмағасын үйді сатып алудан бас тартқан.Қазір не суы, не газы жоқ осы үйде Виктория екі қызымен тұрып жатыр.
Викторияның денсаулығы да жақсы емес.Дәрігерлер оған ауыр көтеруге тиым салған.Ал, бұл әйелге тек қазір жақын құрбысы ғана көмектесіп отыр.
Виктория жәрдемақы алады, бірақ ол ештенеге жетпейді деп мәлімдеді.Ал, екі қызы болса өсіп келеді.Оларды мектепке де дайындау керек.Үлкен қызы бірінші сыныпқа барады, ал екіншісі даярлық тобына барғалы отыр.Біздің телеарна арқылы көмек сұрап отырған Викторияға көмек қолын созамын дейтіндер болса Виктория қабылдауға дайын.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.