Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов БҚМУ-нің ректоры Асхат Иманғалиевпен өзара тығыз қарым қатынас жасау туралы меморандумға қол қойды

c 00:00, 17/04/2015 c 877

0:00 / 0:00

. Маңызды құжатта ЖОО түлектерін жұмыспен қамту мәселесі баса көрсетілген. Ағымдағы жылы әкімдік студенттердің қызметке тұруына қол ұшын созуды көздеп отыр. Студенттермен кездесу барысында қала әкімі студенттерге жұмысқа тұруға септігін тигізетін бірнеше бағдарлама төңірегінде сөз қозғады. Кездесу барысында қала әкімі, алдымен, БҚМУ-нің түлектеріне жұмысқа жедел түрде орналасудың бірнеше жолын айтып өтті. Алдымен, бұл – «Жастар практикасы». Үлгі ретінде әкім, қазіргі таңда қала әкімдігінде қызмет етіп жүрген, бірақ еңбек жолын жастар практикасынан бастаған 7 тұлғаны келтірді.
Маңызды құжатта ЖОО түлектерін жұмыспен қамту мәселесі баса көрсетілген. Ағымдағы жылы әкімдік студенттердің қызметке тұруына қол ұшын созуды көздеп отыр. Студенттермен кездесу барысында қала әкімі студенттерге жұмысқа тұруға септігін тигізетін бірнеше бағдарлама төңірегінде сөз қозғады. Кездесу барысында қала әкімі, алдымен, БҚМУ-нің түлектеріне жұмысқа жедел түрде орналасудың бірнеше жолын айтып өтті. Алдымен, бұл – «Жастар практикасы». Үлгі ретінде әкім, қазіргі таңда қала әкімдігінде қызмет етіп жүрген, бірақ еңбек жолын жастар практикасынан бастаған 7 тұлғаны келтірді. Олардың екеуі қазіргі таңда қала әкімдігіне тұрақты түрде жұмысқа орналасыпты. Сондай-ақ жұмысқа орналасудың тағы бір жолы - бос орындар жәрмеңкесі. Айта кеткен жөн, жәрмеңке, 28-і сәуірде өткізілмек. Алтай Сейдірұлы, түлектерге, бірден жоғары жалақыға үміттенбей, алдымен тәжірибе жинауды ұсынды. Еңбек нарығында жоғары білімнің маңызы зор болғанмен, жоғары жалақыны жұмысқа әбден икемделіп, білікті маман атанған да ғана, талап ету қажеттігін түсіндірді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да тысқары қалмады. Бұл арқылы - қызметке тұрып қана қоймай, 3 млн теңге көлемінде баспанаға берілетін жеңілдікке де ие болу мүмкіндігі бар. Айта кетерлік тағы бір жәйт, жуықта 309 адамның қатысуымен педагогикалық мамандықтар бойынша БҚМУ-нің түлектерін жұмысқа тарату шарасы өтті. Яғни бұл студенттер, жұмыспен қамтылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.