Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының 55/17 әскери бөлімінде ашық есік күні жарияланды

c 00:00, 06/05/2015 c 977

0:00 / 0:00

Ұлттық гвардияның қызметімен танысуға келгендер Ұлы жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шеруді, концерттік бағдарламаны тамашалады. Ашық есік күнінің ең қадірменді қонағы-ҰОС-ның ардагерлері. Олар бүгін алаңда сап түзеп, бір ырғақта адымдаған жас жауынгерлерге қарап өздерін ширақ сезінді. Ардагерлердің арасында бір ғасыр өмір сүрген Семен Данилин де бар. Ол өзінің әлі де тың екенін және өмір сүруге құштарлығын білдірді. Қазақстандық 20 дивизия соғыс жылдары елді аралап, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен. Олардың 5-еуі Гвардия орденін иеленіп, 500 сарбазға кеңес одағы батыры атағы берілген. Бүгінгі ашық есік күнінде кез келген азамат әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолмен ұстап, жақынан көруіне мүмкіндік берілді. Салтанатты шеруден соң концерттік бағдарлама басталып, ұлттық гвардия сапындағы жауынгерлер марапатталды. Ал ардагерлер мен қонақтар жауынгерлік ботқадан дәм татты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.