Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласындағы Омега көпірі таяу күндері жөндеуге жабылады

c 17:18, 12/09/2018 c 987

0:00 / 0:00

Сондықтан қала тұрғындары көлік қозғалысына қатысты туындайтын қиындықтарға әзірден үйрене бергендері дұрыс. Депо көпірінің күрделі жөндеуден соң қолданысқа берілуі жүргізушілер тынысын бір кеңейтіп, кептелісті сейілткен болатын. Айта кетейік, қазірдің өзінде қалада бірнеше жолаушы көлігінің маршрутына өзгеріс енгізіліп отыр.

Көлік көпірінің ені бүгінде 2 жолақты болса, күрделі жөндеуден соң 4 көлік қатар сиятын жолақтар пайда болмақ. Тас төсеніші тесіліп, соқпадан қашқан көліктердің қарсы бетке шығып, апатты жағдайға тап болуы сынды мәселе талай құлақтың құрышын қандырды. Енді қиындықтың шешімі табылғалы отыр. Жөндеу кезінде тұрғындарға және көлік жүргізушілеріне шыдамдылық танытуға тура келмек. Себебі қайтадан жолаушы көліктерінің қозғалыс сұлбасы өзгеріп, Депо ауданындағы көпірге салмақ түседі.

Айта кетейік, бүгінде Зашаған кентіндегі "Балауса" ауданында 6-шы және 7-ші маршруттардың қозғалысы өзгеріп, тұрғындарға біраз қолайсыздық туындап отыр. Басты себеп 5 бірдей көшеде жүріп жатырған жөндеу. Ал көлік көпірін күрделі жөндеуге 5 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.