Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жаңа инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр

c 00:00, 08/04/2015 c 634

0:00 / 0:00

Ол жол талғамайтын аэробот көлігі. Сырт пішіні кемеге ұқсас бұл туындыны жергілікті өнертапқыш Айвар Хуспанов деген азамат құрастырған. Ал "Алгоритм" технопаркі осы жобаның кең қанат жайып, жүзеге асуына қолдау білдіруде. Конвейерлік көлік дайындаумен Айробот" ЖШС анйласып отыр. Жобаны ойлап тапқан жергілікті өнертапқыш Айвар Хуспанов атты азамат. Аэробот көлігі төтеншеліктер қызметінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін өте пайдалы болмақ. 1,8 тонна салмақты көтеруге қауқарлы қайыққа 20 адамға дейін отыра алады. Қуаттылығы 700 аттың күшіне пара-пар. Құрастырылған осындай жобалар Атырау қаласында сынақтан өткізілген. Бір қызығы, көлік ретінде оларды тіркеуге алады екен. Алдағы 2 жылда кәсіпорын тапсырыс беруші табылса, осы бағыттағы жұмыс ауқымын арттыруды көздеп отыр. Ал Алгоритм технопаркі жаңашыл өнертапқыштарға қолдау көрсетуге дайын. Аймақтық орталық бүгінде Шағын қайықтардың қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент сертификат алу бағытындағы жұмыстарды атқаруда. Оның арқасында инновациялық жобаны кеден одағы аясында жүзеге асыра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.