Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында тұңғыш рет қар тазалаудан сенбілік өтті

c 14:43, 04/03/2019 c 908

0:00 / 0:00

Орал қаласында тұңғыш рет қар тазалаудан сенбілік өтті.Биыл Батыс аймаққа қар мол түскені жөнінде бұған дейінгі ақпарттарымызда айтып келдік.Енді ол қарды тазалау жұмыстарына Оралдықтар білек сыбана кіріссіп кетті.Көшелердің бойы мен су жүретін арықтар тазаланып, көктемгі қарбалас басталып кетті. Бұл Орал қаласының шеткі беті.Зашаған кенті аталып кеткен аймақ.Қалын қар бүкіл арықтарды бітеп тастаған.Қала тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері осы аймақты қардан тазалу жұмыстарын бастап кетті. Қолына күрек алып, жастармен бірдей тер төгіп жатқан ақсақалға микрофон ұсындық.Бұл күні қала бойынша барлық мекемелер дерлік сенбілікке шықты.Әкімдік қызметкерлері, төтеншеліктер,емханалар мен мектептердің ұжымдары барлығы дерлік туған қаланы қардан тазалу жұмыстарына бір кісідей ат салысты.
Биылғы қардың мөлшері көп.Коммуналдықтар қарды тазалап үлгермей жатыр. Көктем болса келіп, күн райы жылынатын уақытта жетті.Қала суға кетпес үшін қалын қарды бір кісідей тазалауға ат салысқан Оралдықтар көпке үлгі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.