Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында темір жол көпірі қашан салынады?

c 17:09, 27/02/2020 c 305

БҚО 2019 жылы 4 адам темір жол өткелін кесіп өтеміз деп қаза болыпты. Олардың төртеуі де пойызға қағылып өлген. Ал, биылғы жыл басталғалы бір адам темір жол бойында пойыз астына түсіп мерт болыпты. Темір жол бойын кесіп өту заңсыз дейді мамандар. Бірақ темір жол бойында орналасқан тұрғындар үшін ешқандай жаяу жүргіншілер көпірі жоқ. Сол себепті тұрғындар темір жол өткелдерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге мәжбүр.
Осы Желаев -Орал темір жол бағыты бойында талай адам пойызға қағылып мерт болды. Темір жол өткелінің екі жағы толған көп қабатты үйлер. Мыңдаған адам осы қауіпті аймақта тұрып жатыр. Темір жол көпірі жоқ. Тұрғындар темір жол өткелін тіке кесіп өтуге мәжбүр. Ал, мамандар болса, темір жол өткелін кесіп өткендерге әкімшілік хаттама толтырады, айыппұл салады. Заңды сақтап, темір жол өткелін кесіп өтпейін десе тұрғындардың ұшарға қанаты жоқ. Шарасыз сол баяғы өткелді заңсыз кесіп өтеді. Бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан жағдай осы.
БҚО көлік инспекциясы атқарушы билікке Орал қаласындағы қауіпті үш аймаққа темір жол көпірі керек екендігін айтып ұсыныс хаттарын жолдаған. Бірақ әзірге ол хаттарда жазылған ұсыныстар ескерілмей отыр. Ал темір жол өткелдері бойында ораналасқан тұрғындар сол баяғыша өмірлерін қауіпке тігіп жолды кесіп өтіп жүр. Періштесі қаққандары аман-есен өтіп кетеді, пойызға қағылып, ажалы темір жолдың бойында келгендері де аз емес. 2019 жылы 4 адам қаза тапқан, ал биыл 1 адам таңғы сағат жетіде автобусқа үлгеремін деп жүгіріп өтпекші болғанда пойызға қағылып өліпті. Автобус демекші Желаев-Орал темір жол бекеті бойында автобус аялдамасы орналасқан. Соған қарамастан бұл жерде көпір жоқ.
БҚО бойынша үш қауіпті темір жол аймағы бар дейді мамандар. Олар Желаев -Орал, Орл - Товарная, Жаркий - Қазақстан темір жол аймақтары. 2019 жылы темір жол бойында адам өмірін сақтап қалу мақсатында 39 шұғыл тоқтату әректеті тіркелген. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан пойызды уақытылы тоқтату да күрделі мәселе.
Орал қаласында темір жол өткелдерінде қашан көпір салынары белгісіз. Әзірге тұрғындар бір құдайға сыйынып, темір жол өткелдерін тіке кесіп өтіп жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.