Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында пиротехниканы заңсыз саудалаған нысан анықталды

c 16:16, 26/12/2019 c 876

0:00 / 0:00

Орал қаласында пиротехниканы заңсыз саудалаған  нысаны анықталды. Заң бұзушылық мереке қарсаңында төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері өткізген рейд барысында тіркеліп отыр. Сала мамандары жаңа жылдың ерекше символына айналған от шашуларды қолдану барысында қауіпсіздік ережесін есте сақтау керектігін ескертеді.

Жаңа жыл мерекесін тойлауды от шашусыз елестетудің өзі қиын. Осы от шашу көптеген мерекелік кештердің көркін келтіргені мен одан келетін қауіп те аз емес.

Мереке қарсаңында төтенше жағдай департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып пиротехника сататын орындарды тексеру мақсатында рейд шарасын ұйымдастыруда. Шара барысында қауіпті тауардың сақталуы мен оның сапасы тексерілген болатын. Қаламыздағы бір дүкенде пиротехниканы сатып заңдалаған дерек те тіркеліп отыр. Заңсыз саудамен айланысқан нысанның иесіне айыппұл салынған.

Жаңа жылдың көркін келтіретін от шашуды арнайы дүкендерден сатып алу қажет. Ал, сауда нысандарында пиротехниканың құжаттары болу керек.  Сатушылар от шашуды қалай қолдану керектігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз,-дейді.

Сала мамандары мереке күндері төтенше жағдай болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.