Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мемлекеттік қызметкерлер медициналық тексерістен өтуде

c 16:36, 24/08/2018 c 558

Дәрігерлер қабылдау жүргізіп жатырған облыстық мəслихат ғимаратында мемлекеттік қызметкер қан қысымын өлшеп, сараптамаға қан тапсырып, рентген аппаратына түсе алады. Сондай-ақ терапевт, окулист, лор, хирург сынды мамандарға көрініп, толықтай медициналық тексерістен өткізеді. Аймақ бойынша 4000-нан астам мемлекеттік қызметкер бірнеше күн ішінде дəрігерлік тексерістен өтеді дейді ақ халаттылар.

Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қолайлы жағдай ұйымдастыруды көздеген шара 22-ші тамызда басталған болатын. Бүгін бір топ ақ халатты абзал жандар бірнеше мемлекеттік мекеме орналасқан облыстық мәслихат ғимаратына келіп жайғасып, медициналық тексерістен өтушілерді кезекпен қабылдауды бастап кетті.

Медициналық тексеріс мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының бірлесуімен өткізіліп жатыр. Жасы 40тан асқан азаматтардан қант диабеті сараптамасы алынып, жылжымалы флюраграфия автокөлігі жетті. Сондай-ақ қан тапсырылып, рентген аппаратына түсіп, терапевт, окулист, лор сынды дәрігерлерге көрінуге мүмкіндік болды. Медициналық тексеріс қызметкерлердің денсаулығын қадағалауда ұстап, сырқаттарын дер кезінде анықтап, ем көрсетуге бағытталған. Қазіргі күні 24 мекемеден 400 мемлекеттік қызметкер ақ халаттылардың тексерісінен өтіп үлгерді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.