Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында күйеудің тепкісінен зардап шеккен әйелдер саны артып отыр

c 11:42, 21/12/2018 c 560

0:00 / 0:00

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін әйелдер саны артып отыр. Бұл ретте әсіресе әкімшілік құқық бұзушылықтармен салыстырғанда қылмыстық істердің көбейгені жантүршіктіреді. "Отбасындағы жанжалдардың көбі ішімдік ішудің кесірінен болады",- дейді полиция қызметкерлері. Одан бөлек келінінен таяқ жеген ене, әкеден таяқ жеген бала да бар.Қазір отбасындағы жанжалдардың санын азайту мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып, полиция қызметкерлері жұмысты күшейтіп жатыр. Тіпті Орал қаласының өзінде екі бірдей әйелдерді бейімдеу орталығы жұмыс жасап тұр.Ол жерде отбасы мүшелерінен зәбір көрген жандар уақытша тұрып жатыр.

Дәл қазіргі сәтте Орал қаласында үйдегі зорлық - зомбылықтан зардап шеккендерді бейімдеуге арналған екі бірдей орталық жұмыс жасап тұр.2018 жылдың аяғы қазір.Осы жылы орталықтың көмегіне 300 - ге жуық әйел жүгініпті.Аз көрсеткіш дей алмаймыз.Бұдан бөлек осы жылы отбасындағы кикілжінге қатысты полиция қызметкерлері 17 қылмысты тіркеген.Полиция қызметкерлері отбасындағы жанжалдар көбіне жасырын болады, әйелдер жасырып айтпайды, кейін өзері зардап шегеді дегенді алға тартады.Әйелдерге қатысты 7 қылмыстық оқиға тіркеуге алынған.Бұл орталыққа келетін әйелдерді де учаскелік полициялар әкеліп орналастырады.
Отбасындағы ұрыс-керістің соңы ер адамның әйелді сабауымен аяқталады көп жағдайда.Қылмыстық оқиғаның артып отырғаны да сол себептен.Түрлі дәрежедегі дене жарақатын алады әйелдер.Одан бөлек жанға түсетін сызат бар.Тәндегі жарадан көрі, жанды емдеу қиынырақ.Осы орталыққа келетін әйелдер көбіне қорқып қалған, үркіп қалған, ешкімді көргісі, ешкіммен сөйлескісі келмейтін күйге түсіп келеді,- дейді бізбен сұқбатасқан психолог. Ал, олардың бетін бері қарату үшін психолог күндіз - түні тер төгеді.
Отбасындағы жанжалдың көбі ішімдік ішуден басталады, екі адамның бірі ішімдікке құмар болса сол үйден берекет кетеді.Оған әлеуметтік жағдайды қосыңыз.Осылардың бәрі бірігіп отбасының берекесін кетіреді.Кезінде өліп- өшіп қосылғандар тіпті бір- біріне суық қару жұмсап, өлтіріп тастаған жағдайлар да тіркелген.Отбасындағы жанжалдың соңы мұндай ауыр қылмыспен аяқталған жағдайлар өкінішке орай бар.Әйелге қол көтеру қылмыс.Түрлі дене жарақатын алған әйелге көмекке учаскелік полиция келеді.Бізбен сұқбаттасқан осы кейуананы да учаскелік полициялар осы орталыққа әкеліп орналастырыпты.Апай келінімнен зәбір көрдім дейді.
Күйеуден таяқ жеген әйелдің талайын көріп жүрміз, келіннен таяқ жеген енені алғаш көрдік.Ешкімнің басына бермесін.Бір үйдің берекесін келтіріп, үйді құтқа толтырады дейтін келін керсінше енені қуып үйдің берекесін қашырып жатса қайбір жетіскеніміз.Қазір бұл кейуанамен психологтар жұмыс жасап жатыр.Бұл жерде түрлі тағдыр иелері бар.Олар осы орталықта 90 күнге дейін тұра алады.Әйелге қол көтерген ер адамдарға қатысты түрлі әкімшілк жауапкершіліктер қарастырлған. Солардың ішінде 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін қамау, учаскелік полицейдің бақылауына қою бар.Ондай жағдайда отбасы мүшелері учаскелік полицейдің қадағалауында болады, былайша айтқанда сіздің амандығыңызды полиция күзетеді.
Мұндай жаза түрлері отбасындағы мәселені шеше ме? Әйелге бір рет қол көтерген адамның оны қайталамасына кім кепіл.Қазір полиция осы бағытта жұмысты қатаңдатып, әр отбасымен тығыз жұмыс жасауға тырысып жатыр.Бірақ қол сынса жең ішінде деп қарайтын қазақы отбасыларда көбі жасырын қалады.Осы мәселе қиындық туғызып тұр.Ал, әзірге түрлі жағдйлардан зардап шеккен әйелдер мен балаларға Орал қаласындағы әйелдерді бейімдеу орталығы пана болып тұр.Бірақ бұл уақытша ғана.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.