Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында қарақұрттардан келер қауіп артты

c 00:00, 06/08/2015 c 1413

0:00 / 0:00

Үй ішіне еніп, бөлме ішінде жорғалаған зиянкестер тұрғындардың зәресін ұшырып отыр. Соған орай ақ халаттылар мен сала мамандары улы қарақұрттардан сақ болу қажеттігін ескертеді. Себебі шаққан жағдайда өрмекші тектес зиянкестердің уыты денеге тез таралып, бірден адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Асан ауылының тұрғыны Римма Круцтың ауласынан қарақұрттардың ордасы табылған. Арам шөптері жұлып жүріп, бірнеше ірі қара өрмекшіні көріп қалады. Түсі суық зиянкестер екінші рет оның үйінің ішінен табылған. Қазір Круцтың отбасы мен көршілері қарақұрт шағып алады ма деп үрейленіп қалған. БҚО-да қарақұрттар жиі кездеседі. Улы жәндік әсіресе оңтүстік аудандарда жиі көзге ұшырасады. Биылдыққа облыста қарақұрт шаққан бір адам тіркеліпті. Далалық жердегі қойшы байқаусызда зиянкестен зардап шекен. Дәрігерлер осы орайда өзім білемдікке салынып, үйде емделудің қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан міндетті түрде дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн. Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды қарақұрттың шағуы көктем мен жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйкесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайлап, тез көмек алмаса, жүйке жүйесіне әсер етеді. Тіпті ушыққан жағдайда адамның өліп кетуі де мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.