Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында дүкендегі азық-түлікті ұрлаумен айналысқан ұры қолға түсті

c 18:44, 28/03/2018 c 958

0:00 / 0:00

Оның бұл әрекеті бейне бақылау жазбаларына түсіп қалып, соның арқасында іздестіру жұмысы нәтижелі аяқталған. Қазіргі кезде ұрының құрбаны болғандар саны анықталып жатыр. Тәртіп сақшыларына әзірге тек 2 дүкеннен арыз түскен. Ұры қажетін алу үшін сыбайластарымен бірге жұмыс жасапты. Ал сатушылар бұл жігіттердің тұрақты тұтынушы болғанын айтады және олар дүкенге бас сұққан соң міндетті түрде бір нәрсе жоғалатынын байқап жүрген.

3 адамнан құралған ұрылар түскен дүкен Достық даңғылы бойында Юбилейный аялдамасына таяу орналасқан. Олар сатушыларды алдарқатып, дүкендегі қымбат балық өнімдерін ұрлап кеткен. Бірі-сатушымен сөйлесіп, екіншісі қораптағы өнімді түгелімен алып дүкеннен қарасын батырған. Келтірілген шығын 30 мың теңгені құрайды.

26-наурыз күні Достық даңғылында орналасқан "Проспект" дүкенінен 1989-жылғы азамат ақсерке мен құныс балығын ұрлаған. Ол осыдан соң Құрманғазы көшесі бойындағы "Лидер" дүкеніне кіріп, сөредегі азық-түлікті алып кетіпті. Жоғалған өнімді байқаған сатушылар полицияға хабар берді. Қылмыстың ізі суымай жатып, күдікті Абай полиция бөлімі қызметкерлірмен қолға түсті. Тергеу жүріп жатыр",-дейді БҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Ибрагим Жүсіпқалиев.

Ішкі істер органына бұл ұрылардан зардап шеккен екі дүкен арыз түсіріпті. Абырой болғанда бейне бақылау жазбасындағы деректің арқасында күдіктілер тез арада құрықталып отыр. Бүгінде заманауи құралдар тәртіп сақшыларының іздестіру-тергеу жұмыстарын жеңілдетуге үлкен көмегін тигізіп отыр. Сол себепті бейне бақылау құралдарымен қоғамдық орнындарды жабдықтаудың қажеттілігі артуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.