Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының тұрғындары Денис Теннің қазасына байланысты аза тұтты

c 11:22, 20/07/2018 c 806

0:00 / 0:00

Мұз сарайшығы алдына жиылған халық Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушының рухына тағзым жасап, суреттерінің қасына гүл шоқтары мен шырақтар қойды. Дарынды спортшы кеше, 19-шілде күні Алматы қалалық ауруханасында көз жұмған болатын. Көлігіне жасалған шабуыл кезінде ол қарақшылардың қолынан жарақат алып, көп қан жоғалтқан болатын. Өкінішке орай, дәрігерлер Денистің өмірін сақтап қала алмады.

Жарқ етті де жоқ болды. Бар жоғы 25 жастағы спортшы күллі әлемге өз өнерімен танылып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген болатын. Жас та болса, жетістігімен, тәлім-тәрбиесімен талайды тәнті еткен дарынды мәнерлеп сырғанаушының қазасы көпшілікке ауыр тиді. Мұз сарайында марқұмға арналған естелік бұрышы ашылып, гүл шоқтары мен шырақтар қойылды.
Спортшының көлігін тонамақ болған қарақшылар қолынан жараланғаны жөнінде әлеуметтік желіден хабардар болған оралдықтар өмірі кенеттен осылайша қыршынан қиылады деп ойламаған еді. Алайда 3 литр қан жоғалтқан Денис Тенге ота жасалғанымен, дәрігерлер ажалға ара түсе алмапты. Осы спорт түрімен шұғылданатын, артынан ерген жастар үшін Денистің өнері мен жетістігі үлгі болып қала береді.

-"Мен Денис Тенді жақсы көремін. Соған еліктеп өстім. Қазір 11 жастамын. Кішкентай кезімнен мәнерлеп сырғанаумен айналысамын. Ол Оралға келгенде бізбен кездескенде мен қатты қобалжып, айтқым келген сөзімді айта ламаған болатынмын. Себебі бізге сондай жанмен кездесу бір бақыт болды. Кеше ата-анамнан жағдай естігенде сенбедім. Денис Тен ауруханадан жазылып шығады деп ойладым. Артынан ғаламтордан оның қайтыс болғанын естім, жүрегім ауырды. Түнімен ұйықтай алмай шықтым",- дейді жас спортшы Айкүміс Абутаева.

Бұл Денистің көзі тірісінде берген сұхбаттардың бірінен үзінді. Ашық-жарқын спортшы кез-келген тақырыпта әңгіме өрбітіп, адаммен тез тіл табысқыш болған.

Қазіргі күні денис Теннің өліміне қатысты ҚР қылмыстық кодексі бойынша іс қозғалып отыр. Күдіктілердің бірі қолға түскен. Тергеу жұмысы қатаң түрде биліктің жіті назарына алынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.