Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 6 жолдың құрылысына қосымша қаражат бөлініп отыр

c 16:43, 04/10/2018 c 620

0:00 / 0:00

Сала мамандары бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға қатынайтын жолдардағы жұмысты аяқтауға екпін түсіруде. Соның ішінде облыстық клиникалық аурухана орналасқан көшенің жолы мердігерлер қолына тапсырылып отыр. Айта кетейік, биыл 50 көшенінің жолын жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін осы жоспар қаншалықты орындалыпты?

Шаңы көкке көтерілген Кердері көшесінің жағдайын айтып арнамызға хабарласқан тұрғындардың базынасын шілде айында көрермен назарына ұсынған болатынбыз. Асфальты жамылғы төсеуді күтіп отырған көпшілікке жолда қозғалыстың жиілеп, шаң басар су шашылмай тұрғаны қолайсыздық туғызды.

Ал мынау көшенің қазіргі көрінісі. 2 шақарым жолды жөндеуге 360 млн. теңге бөлінген. Мердігер кәсіпорын өкілдері жолдағы жұмысты атқару мерзімі 6 ай екенін атап өтті. Қолдан келсе бұл уақыттан ерте тапсыру көзделуде. Жөндеу тамыз айында басталған-тұғын. Бөлініп отырған 800 млн. теңге қосымша қаражат Штыбы көшесі мен Деркөл кентіндегі көлік жолдарын жөндеуге жұмсалатын болады.Биыл 50 көшенің жолын жөндеу жоспарланған болса, сала мамандары қазіргі сәтте жұмыстың 80 пайызы орындалғанын хабарлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.