Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 320 көп қабатты үй ПИК құрамына кірмейді

c 18:12, 26/09/2019 c 775

0:00 / 0:00

Бүгінгі күні Орал қаласы бойынша 1227 көп қабатты тұрғын үй бар болса, олардың 320-ы пәтер иелері кооперативі құрамына кірмей келеді. Қалалық коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының мамандары атап өткендей, ортақ қолданыстағы баспаналарды күтіп ұстау мәселелері шеткері қалу жағдайынан, қысқы маусымда жылудың уақытында қосылмауы, ыстық судың берілмеуі сынды мәселелер жиі туындайды мыс. Дегенмен, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, әр тұрғын үйде жауапты тұлға болуы міндеттеледі.

Қараусыз қалған көп қаббаты үйлер қазір шағын шаһардың шырайын бұзып тұр. Қаланың көркін қашырғаннан бөлек, бұл қараусыз баспаналардан апатты жағдайлар туындай қалғанда шұғыл әрекет етуде едәуір қауіп те бар. Олардың бірсыпырасы - жатақханалар болып табылады. Ал, осыдан 2 жыл бұрын тұрғындар игілігіне берілген Зашаған кентіндегі Мұрат Мөңкеұлы 85/2 - үйдің шатыры жауған жаңбырға шыдас бермей, төбеден сорғалап ағып, тұрғындарды біраз әбігерге салып келеді.

Ел Үкіметінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы ескірген шатырлар мен жеделсатыларды, инженерлік жүйені, тіпті есік-терезелер мен үйдің сыртқы келбетін жөндетіп алуға мүкіндік беріп келеді.Мұндай бағдарламаның игілігін қараусыз қалған үйлер де қолдана алады.

Жыл басталғалы аталған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Орал қаласындағы төрт үйдің шатыры күрделі жөңдеуден өткен болса, тағы төрт үйдің шатыры жөңделу сатысында екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.