Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 17 апатты үй сүрілген

c 17:36, 30/10/2019 c 342

0:00 / 0:00

4 жылдың ішінде Орал қаласында 17 апатты үй сүрілген. Аталмыш баспаналардан 133 жанұя өзге жерге қоныс аударыпты. Тозығы жеткен тұрғын үйлердің орынына мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасының аясында 4 зәулім үй пайдалануға берілген. Оның екеуі биыл табысталды. Қазіргі таңда шаһарымызда 41 апатты үй бар.

Қала әкімі атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, облыс орталығының қалай дамып жатқандығын мәслихат депуттарының алдында баяндап берді . Шаһар басшысы бюджеттің 56, 7 млрд теңгеге өскендігін айтып, өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асыруын баяндап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуынан сыр шертті. Абат Абайұлы қаладағы апатты үйлердің жағдайына тоқталды. Қазіргі таңда Орал қаласында 41 апатты үй бар. Бірақ, осыдан төрт жыл бұрын тозығы жеткен үйлердің саны одан да көп болғандығы есімізде. 2015-2019 жылдар аралығында 17 тозығы жеткен баспана сүрілді.

Тұрғын үйдің құрылысы -қанша маңызды күн тәртібінен түспейтін сауалдың бірі. Биыл Орал қаласында 4 көпқабатты тұрғын үй табысталмақ. Жаңа баспаналардың екеуі Зашаған кентінде, енді екеуі шаһардың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ал, келер жылы 8 баспананың құрылысы аяқталмақ.

Сессия барысында депутаттар әкімге сауалдарын қойып, келер жылдары орындалуы керек түйіткілді мәселелерді еске түсіріп, тарқасты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.