Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласынан қыс басталғалы 65 мың текше метр қар шығарылған

c 11:51, 18/01/2018 c 738

"Жайық таза қала" ЖШС-нің хабарлауынша, коммуналдық кәсіпорын қазір 3 ауысымда жұмыс жасауда. Соған қарамастан жаяу жүргінші жолдарын басқан ақ мамық мұзтайғақтан келер қауіпті арттырып отыр.

Коммуналдық кәсіпорын бекітілген жоспарды қатаң ұстанып жұмыс жасаудамыз дейді. Бірінші кезекте адам аяғы қалың оратылқ көшелер мен қоғамдық көлік жолдары, жаяу жүргінші жолақтары қардан аршылады. Жолдарға тұз бен құм аралас қоспа себіліп жатқанымен мұзтайғақтың беті қайтпай тұр. Себебі қайтадан жауған қардан соң ауа температурасы құбылып тұр.
Әсіресе егда жастағылар үшін жаяу жүру қиын болып тұр. Себебі мұзтайғақта автокөлік те, адам да айнадай жолда табан тірей алар емес.
Жақын күндері осындай ауа райы сақталады деп күтіліп отыр. Мұзтайғаққа байланысты жол бойында қауіпсіздік шараларын әр тұрғын қаперінде ұстауы қажетін еске саламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.