Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

c 16:54, 26/04/2022 c 511

0:00 / 0:00

ҚР Президент Әкімшілігіь мен қалалық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына әйкес Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Қала активінде жаңа әкімді өңір басшысы Ғали Нәжмиденұлы Есқалиев таныстырды.Қала активіне облыс әкімі Ғали Есқалиев жаңа әкім Миржан Сатқановты таныстырып, оның бұған дейінгі атқарған мемлекеттік қызметіндегі еңбегіне оң баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі үш жыл бойы Орал қаласының әкімі қызметін атқарған Абат Шыныбековтың жұмысына оң баға берілді. Абат Абайұлы білімі мен біліктілігін мемлекеттік қызметте жинаған іс -тәжрибесін пайдаланып, шаһар дамуына үлес қосты. Пандемея кезіндегі қиындықтарды еңсеріп қана қомай, түрлі шектеулер енгізілген сәтте тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолыда тынымсыз еңбек етті. Және ол қызмет еткен жылдары облыс орталығында мем. бағдарлама нәтижесінде 18 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, көше жарықтандыру жұмыстарына 14 жарық диотты шамдар орнатылды. Бұдан да өзге жұмыстарға облыс әкімі тоқталып өтті.Орал қаласының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков өзіне сенім артқан облыс әкімі мен оның жұмысына қолдау көрсеткен қалалық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.Ал Миржан Мұнайдарұлы Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшының орынбасары, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.