Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласы тұрғындары "Жайық жылу қуат" АҚ-на 318 млн. теңге бережақ

c 15:55, 11/10/2018 c 738

0:00 / 0:00

Сот орындаушылары борышкердердің 950 жылжымайтын нысанын кепілдікке алған. Бұл жөнінде қарыздарды өндіру жолында үздіксіз жұмыс жасап жатырған жылу таратушылар мәлімдеді. Коммуналдық кәсіпорынның рейдік шарасына арна тілшілері де қатысып қайтты.

Коммуналдық кәсіпорын таратқан жылу мен ыстық суды пайдаланып алып, тұрғындардың төлемақыдан бас тартуы-кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын күрделендіріп жіберді. Өздіктерінен кассаға келіп төлемеген соң борышкерлердің үй-үйін аралап, рейдке шығатын мамандар тізімдегі мекен-жайларды жатқа біледі. Себебі сот орындаушыларымен бірге бұл пәтерлердің табалдырығын талай тоздырған. Алайда көбі есіктен әрі асырмайды, ақшаны өндіріп алу оңайға түспей тұр. Елдің бәрі жұмыстан оралатын кешкі уақытта келсе де, үйлерінен таба алмай әуре-сарсаңға түседі.

Борыштың толық өтелмеуі жылу таратушылардың газға қарыздар болуына себеп. Бұл орайда жылжымалы кассамен де жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда сот орындаушыларының өндірісінде кәсіпорынға бережақ жалпы сомасы 117 млн. теңгенің 2400 өндірістік ісі жатыр. Қазір 340 борышкердің шотына бұғат қойылып, 500ден астамының жалақысы мен зейнетақысан бережақтары ұсталып тұрады. 89 көлік айып тұрағына тоғытылса, 615 адамның шекарадан шығуына шектеу қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.