Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласы мониторингтік топ бақылауында

c 17:14, 04/11/2019 c 537

0:00 / 0:00

Қыркүйек айының соңында БҚО әкімнің өкімімен құрылған Мониторингтік топтың саны - 20. Әр топ мүшелігінде 6 адамнан бар. Олар шаһардағы сынған ағаштан бастап, сыры кеткен орындыққа дейінгі мәселерді жіпке тізіп зерделеп, шешу жолдарын қарастырмақ. Мониторингтік топ белсенділері алғашқы күнде - ақ ПИК төрағасына тұрғын үй ауласын ретке келтіру туралы ескертпесін жасады. Ескертпе ескерусіз қалса, ПИК қызметі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Нысандарды бақылау кезінде депутаттар назарына қала келбетін реңіз қылған бос қаңырап жатқан гараждар ілікті. Олардың уақытылы сүріліп, орнына балалар алаңқайларының салынуы - мәселе санатында көрінеді. Бұдан өзге ұзындығы 50 метр болатын Орақбаев көшесінің жөнделуі де топ белсенділерінің назарында екен. Мибатпаққа айналған аталмыш жол уақытылы жөнделмесе, орталық көшелердің көлік жолдары жылдам ластанатып, шаңға ұластатыны сөзсіз. Сондай-ақ депутаттар Олимп шағын ауданындағы Цилковский көшесін Сырым Датов көшесіне шығатындай етіп жалғауды көздеп отыр. Бастама көлік кептелісін азайтуға орасан зор ықпалын тигізбек.Бүгінгі күні мониторингтік топ күн тәртібіне 14 мәселені енгізіп, облыс әкімінің қарауына ұсынбақ.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.