Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қалалық мәслихатының 25-кезекті сессиясы өтіп жатыр

c 11:43, 12/09/2018 c 661

Қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеровтың төрағалық етуімен өткен сессияның күн тәртібіне шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы қалада атқарылған ілкімді жұмыстар туралы депутаттар алдында есеп берді. Оның айтуынша шаһарымызда тұрғындар санының өсу қарқыны байқалады. 1 тамыздағы деректерге сүйенсек, қала халқының саны 306 549 адамға жеткен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда халық саны 2%-ға көбейіп, облыс халқының 47%-ын құрайды. Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында және жеке қаражат есебінен ағымдағы жылы Орал қаласында 6400 пәтерлі 43 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

МҰРАТ МҰҚАЕВ
ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінде Елбасының Бес әлеуметтік бастамасының бірі «7-20-25» бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының іргесінен 425 га жерді құрайтын жаңа «Ақжайық» шағынауданын игеру басталып кетті. Жаңа ауданда 150 көп қабатты үйлерді салу көзделуде.

Сонымен қатар шаһар басшысының айтуынша қала аумағында жаңадан салынған шағынаудандарды қоспағанда, 386 аула аумағы бар. 2007-2017 ж.ж. аралығында 297 аула аумағы абаттандырылған. Қазіргі таңда абаттандырылмаған 89 аула аумағы қалды. Жиынның күн тәртібіне сай бұдан соң баяндама жасаған Орал қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова 2018 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылауды ұсынды.

Жиында сондай-ақ Орал қалалық мәслихатының депутаты Вальентина Михно Циолковский аялдамасының маңында орын тепкен сауда алаңында қоқыс төгетін контейнерлердің аз екенін тілге тиек етті. Бұл орайда қала әкімі Мұрат Мұқаев үстіміздегі аптаның соңына дейін арнайы комиссияның құрылып мәселенің бір жақты болатынана сөз берді. Сондай ақ сесияда кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясы төрағасы болып депутат Тұрарбек Тілемісов сайланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.