Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал-Атырау арасына автобустар жүре бастады

c 17:47, 04/03/2021 c 575

Бүгіннен бастап қала аралық автобустар қатынасы жандана бастады. Карантиндік шектеулерден соң автовокзал қызметкерлері жұмыс орындарына қайта оралып, мәре-сәре. Өздеріңізге аян бір жылдан бері автовокзал жұмысы тоқтап тұр. Облыстың бас санитарының жаңа қаулысынан соң карантиндік шектеулер жеңілдеп, қалааралық автобустар жүре бастады. Мәселен, бүгін Атырау-Орал бағытындағы қатынас қалыпқа келіп, таңғы 9-да 20 жолаушымен автобус мұнайлы өлкеге жол тартты. Автовокзал директорының айтуынша, кері бағыттағы көлікке билет толықтай сатылып кеткен. Көп ұзамай Ақтөбе мен Орал арасында да қатынас жанданатын болады. Қос қаланы байланыстырған қатынастың қалыпқа келгеніне жолаушылар риза.Жұмысына кіріскен тасымалдаушы кәсіпорында жалпы саны 200-ге жуық қызметкер бар. Жұмысшылар осы уақыт аралығында мүмкіндігінше басқа қызметке тартылыпты. "Оралдан Ресеймен қоса 7 бағытқа қатынайтын автобустар эпидемиологиялық ахуалға байланысты біртіндеп жұмысын қайта бастайтын болады",- дейді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.