Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Орал аруы - 2019» атағын Эмилия Гусманова жеңіп алды

c 17:07, 09/04/2019 c 830

0:00 / 0:00

«Орал аруы - 2019» байқауы өтті. Сұлулық сайысының жеңімпазы атану жолында сайдың тасындай іріктелген 20 ару бар өнерімен бойындағы таланттарын сынға салды. Көркіне көзің тоймайтын сұлулардың ішінен ең сұлуды анықтау қиынға соқты. Деседе қазылар алқасы 17 жасар аруды байқау жеңпазы деп таныды.  Кіл мықты да, кім мықты? Байқауға қатысқан арулардың алдымен бойындағы асыл қасиеттері таразыға салынды. Әрине, сұлулық байқауы болғаннан кейін бойларының 167 см.-ден кем болмауы және 16 жастан бастап, 24 жасқа дейінгі қыз балалар таңдалды,- дейді  «Орал аруы-2019» байқауының арт-директоры Әсемгүл Ғалиева. Өткен жылдың желтоқсанында өткен алғашқы іріктеуге 40 қыз қатысты. Одан кейін таңдалған 20 бойжеткен арадағы үш ай ішінде дефиле, актерлік шеберлік, хореография бойынша білікті мамандармен бірге дайындықтан өтіп, қайырымдылық шараларына қатысқан. Нәтижесінде 17 жасар Эмилия Гусманова «Орал аруы -2019» аталымына лайық деп танылды. Байқаудың аймақтық кезеңінің қорытындысында арулар таныстыру, хореография, сән көрсетілімі бөлімдерінен өтті. Төрт сағатқа созылған финалдық сында арулардың әрқайсысы үздік атануға лайықты екендіктерін көрсетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.