Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн сот

c 17:27, 15/04/2020 c 693

0:00 / 0:00

Орал қалалық соты сот отырыстарын онлайн режимде өткізуде. Бұл туралы қалалық соттың төрағасы Руслан Нартайұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, сот отырыстарының 96,4%-ы мессенджерлер мен бейнеконференция байланыс арқылы өткізілуде.Сонымен қатар, қалалық соттың төрағасы сот жүйесінде онлайн жұмыс режиміне көшіру тәсілі бірінші рет екенін атап өтті. Төтенше жағдайға байланысты қазақстандық сот жүйесіне енгізілген IT-технологиялар өзін ақтауда. Алайда жүйеде ақаулар да бар, сондықтан бағдарламашылар пайда болған проблемаларды жою үшін тұрақты жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе қызмет барысына кедергісін келтірмес үшін 9 судья өздеріне тиесілі істерді аптаның әр күніне кестеге сай белгілеген.
Онлайн режимдегі қаралып жатқан істердің тиімділігіне түсірілім барысында куә болдық. Тараптар толықтай судьямен байланысқа шықты. Бұл жолы қылмыскер жазасын өтеу мерзімін жеңілдету бойынша процесс жүріп жатты. Яғни төтенше жағдай кезінде тұлғалардың денсаулығы басты назарға алынған. Қалалық сотта бір айда 40-қа жуық іс қаралады. Яғни бұл шаралар 100 пайыз орындалуда.Бұған дейін Қазақстан Жоғарғы Соты соттар мен сот процестеріне қатысушылардан істерді қарауды карантин аяқталғанға дейін кейінге қалдыруды сұраған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.