Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онкологиялық аурумен қалай күресеміз?

c 17:33, 17/05/2018 c 1103

0:00 / 0:00

Елімізде соңғы жылдары қауіпті дерт көбейіп, қазір көрсеткіш 36 мыңға жеткен. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Тағы бір айта кетерлігі, қатерлі обырға ұшырағандардың басым бөлігі елімізде емделгеннен гөрі, шетел асып ем алғанды жөн көреді. Бұқара тегін емнен неге бас тартады? Елімізде онкологиялық ауруларды емдеу дәрежесі қай деңгейде? Бірнеше жыл бұрын ғана елімізде қатерлі обырға ұшыраған 26 мың адам болса, бүгінде онкологиялық аурулар тым жиі анықталуда. Республика бойынша саны 36 мыңнан асқан аурулар қатарында, өкінішке орай, батыс өңірі де жоқ емес. Облысымыздағы 6 мың жарымнан астам тұрғын осы қатерлі дертке шалдыққан. Аймақта әсіресе жатыр мойны обыры мен өкпе обыры көбейген. Ал бұған себеп нендей?

Нұрлан Төлемісов
Облыстық онкологиялық аурухана директорының орынбасары

Барлығы адамның өмір сүру дағдысына байланысты. Мәселен, қатерлі аурулар қатарында өкпе обыры соңғы 15 жылда көш бастап тұр. Және азаяр да емес. Себебі, тұрғындар дәрігерге тым жай қаралады. Салдары да қайғылы аяқталып жатады. Ал аурудың себебі сол қарапайым шылым шегу. Қазір біздер бар күшімізді аурудың алдын алу жұмыстарына салып жатырмыз. Сондықтан әр тұрғын дәрігерге дер кезінде қаралуды ұмытпау қажет

Ендігі басты мақсат- ауыл, аудандардағы медицинаның сапасын көтеру. Ауыл мен қаладағы сапаның жер мен көктей екенін дәрігерлер де мойындап отыр. Мәселен, қалада томография, эндоскопия секілді құрылғылар болса, ауылда мұндай аппараттар тапшы, қала берді дәрігерлер де жеткіліксіз. Алматыдан арнайы келген білікті маман осы олқылықтың орнын толырып, ауыл, аудандық мамандарға диагноз қою, ауруды анықтау мен науқасты қалаға жіберместен қажетті тексерістерді ауылдан жасау мүмкіндігін ұсынуда. Жарайды, ауылдықтардың қалаға асығуға жөні бар делік, ал қалалықтар ше? Олар неге елдегі медицинаға бет бұрмастан шетел асады?
Ал алматылық онколог дәрігерден сабақ алып, біліктіліктерін арттырған жергілікті сала мамандары семинарға дән риза. Бұнда олар күн сайын қарыштап дамып жатқан онкология саласындағы біраз жаңалықтармен танысыпты.Бүгінгі семинарда басымдылық ауру диагнозын ерте деңгейде анықтауға берілсе, болашақта науқастың отадан шыққаннан кейінгі оңалту шараларына баса назар аударылмақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.