Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірімізде ана мен сәби өлімі төмендеген

c 18:19, 12/08/2019 c 723

0:00 / 0:00

Аймақтағы ақ халатты - абзал жандардың қатысуымен ұйымдастырылған жиын баяғысынша баяндамамен басталды. Десек те, баяндамада біріңғай атқарылған шаралардан бөлек, саланың ақсап тұрған тұстарына да мән берілді. Мәселен, медициналық мекемелердің базасы жыл санап жақсарып, заманауи құрылғылар сатылып алынса да, мамандар тапшылығы әлі бар. Биылғы жылы өзге өңірден 200-ге жуық маман тарту көзделген. "Депломмен ауылға" бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа тартып, ауыл аймақтарды ақ халаттылармен қамту күн тәртібінде тұр.

Медицина саласына мардымды көңіл бөлудің нәтижесінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, нәрестелердің шетінеу көрсеткіші төмендеген. Мақтанарлығы аймақтың бұл бағыттағы жұмысы еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш. Дегенмен, ана мен бала саулығы сақтауға бөлінетін ақшаны мамандар тапшы дейді.

"Барлық әйелдер қауымы 4 кезеңдік скринигтік тексерістен өтуі міндеттеледі. Десек те, бұл өте қымбат қаражат талап етеді. Қазіргі таңда, 20 әйелді тексерістен өткізіп жатырмыз. Құрсақтағы баланың саулығы тікелей анаға байланысты. Сондықтан, бұл бастама арқылы жүктіліктің 14 апталығында құрсақтағы ауытқулардың алдын алуға болады. 4 кезеңдегі скрингтік тексеріс - заман талабы. Мұндай тәжірибе әлем медицинасында бар. Еліміздің Нұр - Сұлтан мен Алматы қалалары жүзеге асырып келеді. Бізде мамандар мен құрылғылар сақадай сай. Тек қаражат тапшы", - дейді БҚО Перинаталдық орталығының директоры Николай Дмитриенко.

 

Есептік жиында медициналық мекемлердің қызмет көрсету сапасы да көтерілді. Көп сын естіген №4 қалалық емхана тұрғындардан түскен шағымдардың 40 пайызын қанағаттандырып, тұтынушылар талабын орындаған.Жиында медицина мекемелердің басшыларына жекелей тапсырмалар беріліп, жаңа мақсат-міндеттер жүктелді. Оңалту мен дәрі-дәрмек саласына қажетті қосымша 94 млн. теңге қаржы көзін қарастырып мен оны тиімді жұмсау жұмыстарын да облыс әкімдігімен біріге талқыласты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.