Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірге Жапония елшісі жұмыс сапарымен келді

c 18:16, 18/11/2021 c 1485

Облыстық көп бейінді аурухана Жапонияның "Kusanone" (өсімдік тамыры) атты бағдарламасының грантына ие болды. Осы гранттың арқасында емдеу мекемесіне керек үш құрылғыны сатып алған. Гранттың жалпы құны теңгеге шаққанда 22 млн.-ды құрайды. Дәрігерлер жаңа жабдықтарды бір жылдан бері пайдаланып келеді. Осы грантпен алған құрылғыларды Қазақстандағы Жапонияның төтенше, әрі өкілетті елшісі Джун Ямада таныстырды.

Жапонияның "Өсімдік тамыры" атты бағдарламасының арқасында облыстық көп бейінді аурухана мен Жаңақаланың орталық ауруханасы жаңа құрылғыларды сатып алған. Облыс орталығында орналасқан емдеу мекемесі үш бірдей құрылғыға грант есебінен қол жеткізіп, бір жылдан бері қолданып келеді. Жаңа құрылғының бірі- жағдайы ауыр науқастарды қабылдайтын зеңбіл. Ол науқастарды шұғыл тасымалдауға қажет. Және ішкі құрылысты тексеруге арналған арнайы құрылғы да бар.

Облыстық көп бейінді аурухананың мамандары Жапонияның "Өсімдік тамыры" атты бағдарламасына 2019 жылы қатысуға ниет білдірген. Содан құжаттарды жинап, 22 млн. теңгені құрайтын грантты ұтып алады.

Грант бөліп, қаражат үлестірген бағдарламаларының қалай жүзеге асып жатқанын арнайы келіп көрген Жапонияның елшісі дәрігерлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Бұл бағдарлама Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс жасайды. 24 жылдан бері жалпы құны 7,1 млн АҚШ доллары болатын 108 жоба қолдау тапқан. Батыс Қазақстандық дәрігерлер де Жапония ұсынған бағдарламаларға келешекте де қатысуға ниетті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.