Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірдегі өндірістер

c 16:37, 22/11/2018 c 1098

0:00 / 0:00

Ел экономикасының тұрақты әрі гүлдену үшін орта және шағын бизнестің дамуы керек. Олар түрлі экономикалық тұрақсыздық орын алған кезде қиындықтарға мойымай, азаматтарға жаңа жұмыс орынын ашып, табыс табуға мүмкіндік жасап жатады. Еліміздің аумағында орта және шағын кәсіпті меңгерген жандардың санын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолға алынды. Олардың бірі - «Бизнестің жол картасы - 2020». Мемлекет қолдаған кәсіпкерлердің бүгінде жағдайы қалай? Аз пайызбен несие рәсімдеп, жоқ жітігін түгендеген кәсіпкерлердің аяқ алысымен арна тілшісі танысып қайтқан еді.
Облыс көлемінде құрылыс қарқыны артқан сайын оған қажетті құрал- жабдықтарға деген сұраныстың артатындығы сөзсіз. Осы сұраныстың жергілікті жерде өндірілуі барлық тарапқа да тиімді екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл, полиэтиленді құбырларды өндіретін кәсіпорын . Аталмыш кәсіпорын жұмысын осыдан алты жыл бұрын бастапты. Бүгінде жиырма адамды жұмыспен қамтып отырған нысан биылғы жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауына ие болған. Кәсіпорын аз пайыздық несиенің арқасында заманауи құбырларды өндіруге арналған құрылғы сатып алыпты.
Мемлекеттің қолдауына ие болған кәсіпорындарының бірі - "Диана" оралдық тігін фабрикасы. Бұл тігін компаниясы 2016 жылы өз жұмысын бастаған. Арнайы киімдерді тігуді қолға алған кәсіпорын Совет үкіметі кезінде атағы күллі әлемге танымал болған брендтің атауын алып, жұмыстарын бастаған.
Екі жыл халықққа қызмет жасап келе жатқан тігін цехында бүгінде, қырыққа жуық адам қызмет жасап жатыр. Олардың қатарында Лиза Салықова да бар. Кейіпкеріміз тігін өнерін жұмысқа тұрғасын үйрендім,- дейді. Наурыз айында жұмысқа орналасқан тігінші жаңа құрылғының арқасында бір күнде 30-ға жуық киімді аяқтап отырмыз дейді.
Орта және шағын бизнесті қолдауға арналған бағдарлама 2010 жылдан бері қызмет жасауда. Сегіз жылдан бері кәсіп ашам, кәсібімді кеңейткім келеді деген кәсіпкерлердің 700-ден астам жобасы мемлекеттің қолдауына ие болған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.