Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өңірде электр желілерінің 82 пайызы тозған.

c 18:08, 26/03/2021 c 659

0:00 / 0:00

Облыста электр желілерінің 82 пайызының тозығы жеткен. Кеңес үкіметі кезінде салынған жарық бағаналары арқылы бүгінде ауыл-аймақ электр көзімен қамтылып отыр. Ал ауа-райы бұзылып, құбылса болды ауылдық ағайын жарықсыз отыратыны жасырын емес. Осы орайда қордаланған мәселені шешіп, электр желілерімен қамтып отырған компанияны күрделі жағдайдан шығару үшін арнайы 5 жылдық жоспар әзірленіпті.

БҚО-да электр желілерінің 82 пайызының тозығы жеткен. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында салынған бағаналар әлі күнге дейін ауыстырылған жоқ. Әбден ескірсе де әупірімдеп жарық таратып тұр. Облысты электр жарығымен қамтуға жауапты компания өкілдері: "Тозығы жеткен барлық желілерді алмастыру үшін 120 млрд. теңгедей қаражат керек",- дейді. Мұндай қомақты қаржы шоттарында табылмағасын олар компанияның акцияларын мемлекетке өткізіп, құрылыс пен жөндеу жұмыстары, желілерді алмастыру үшін бюджеттен ақша сұрап отыр.

Алдағы бес жылда 16 млн. теңгеге жуық қаражат қазынадан бөлінбек. Бұл ақшаға тозығы жеткен бағаналарды ауыстырып, электр станцияларын жөндемек. Жиында сөз алған аудандық электр тарату желілері станцияларының басшылары жарықтың жиі сөніп қалуын тілге тиек етті.

2021 жылы еліміздің бірнеше облысында жарық сөніп, азаматтар бірнеше тәулік электр көзінен ажырап қалды. Маңғыстау мен Атыраудың тұрғындары жайсыз ауа-райының кесірінен жарықтан ажырғаны да есімізде. Кейін Түркістан мен Қызылорданың тұрғындары да бірнеше күн электр көзінсіз күнелтті. Жарықтың сөнуі облыста да тіркелді. Бәйтерек ауданына қарасты Трекино ауылы да электр желісіндегі ақаудан осындай жағдай тіркеліп, соның кесірінен екі адам газдан уланып, жан тапсырған еді.

Сурет kyzylorda-news.kz сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.