Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

c 16:09, 05/01/2020 c 1078

0:00 / 0:00

Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың кезеңі басталды. Облыстық білім бәйгесіне 455 оқушы бақ сынауда. Олар бұған дейін білімдерін мектеп қабырғасында, аудан мен қалалық деңгейде тексерген болатын.

Жыл сайын ұйымдастырылатын пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Биыл облыстық кезеңге 455 оқушы жолдама алыпты. Білім бәйгесінің бірінші кезеңі қарашада өтті. Оған 16 мыңнан астам оқушы қатысты.

Педагогтар жыл санап олимпиада бақ сынайтын оқушылардың саны артып келе жатқандығын айтады. Солардың бірі- Сәкен Сейфуллин атындағы №11 дарынды балаларға арналған мектеп интернат кешенінің оқушысы Әлихан Амиров. Ол екі жыл қатарынан география пәні бойынша сынақ тапсырып келеді.

Пәндік олимпиаданың республиканың кезеңі наурыздың аяғы мен сәуірдің басында Қарағанды және Талдықорған қалаларында болады. Сала мамандары өткен жылы 26 оқушы республикалық кезеңге жолдама алғанын айтады. Соңғы жылдары батысқазақстандық оқушылар гуманитарлық пәндер бойынша көптеп олимпиаданың жеңімпазы атануда. Биыл білім бәйгесінің төртінші кезеңіне өтетін, оқушыларды арнайы құрылған комиссия анықтап, жолдама бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.