Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушыларға электронды шылым сатылған

c 17:37, 15/03/2022 c 560

0:00 / 0:00

Соңғы кездері қаламызда электронды шылым сататын орындарда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге өнімді сату фактілері орын алғаны анықталды. Бұл туралы қоғам белсенділері мәлімдесе, полицейлер аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын бастаған. Электронды шылымның сан алуан түрі жастар арасында танымал болғалы қашан? Тіпті қазір табак өнімдері көше бойында ашық түрде сатылуда. Бейресми мәліметтерге сүйенер болсақ, қарапайым шылымнан бас тартып, «зияны аз»,- деп осы бір өнімді қолданушылардың қатары көбейгенін көшеде арнай орын алып кәсібін ұршықша үйіріп отырған жағдайдан аңағаруға болады. Енді бұл психотропты өнімге жасөспірімдердің де қызығушылықтары артуда. Бұл кадарларды қала тұрғыны Аслан Өтепов кездейсоқ түсіріп алған. Байқағандарыңыздай мектеп жасындағы оқушыларға ашықтан-ашық берілуде. Ал осы сатушыларға ел аумағында жасы 18-ге толмаған балаларға шылым сатуға тыйым салынғаны кедергі болмай, өз өнімдерін кімге болсын, мейлі тек өткізсек болды деп тұрғаны қала тұрғындарын алаңдатып-ақ отыр. Бұл туралы іс ҚПБ түскен.Естеріңізге саламыз, заң бойынша темекі өнімдері 18 жасқа толмағандарға сатылмауы тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.