Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқушылар ыстық тамақпен қамтылуда

c 18:08, 17/09/2019 c 748

0:00 / 0:00

1 қыркүйектен бастап барлық оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударылады.Ыстық тамақ 1 мен 4 сынып оқушыларына, әлеуметтік жағдайларына байланысты 5-11 сынып аралығындағы мектеп балаларына, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға беріледі. Бүгінгі күні аймағымыз бойынша 74 мыңнан астам мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтылған болса, оның 14 мың 515 -сі көп балалы отбасынан шыққан, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушыларды құрап отырған көрінеді. "Ыстық тамақпен қамтылуға тиіс 1-4 сынып оқушылардың көрсеткіші де 100 пайызды алқымдайды", - дейді іске жауаптылар.

Жоғарыда аталған көп балалы отбасынан шыққан, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушылардың 1 күндік тамағы 200 теңгеге бағаланса, ал 1 мен 4 сынып аралығындағы оқушылардың ас мәзірі 180 теңге көлемін құрамақ. Дегенмен, мектеп балаларына көретіліп жатырған әлеуметтік көмек жыл санап артып келе жатқандығын№19 ЖОББМ-і директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Самал Шакетова тілге тиек етті . Аталмыш мектепте 1200-ге жуық оқушы бар. Жалпыға білім беру қоры арқылы аталмыш мектептің 546 бастауыш сынып оқушысы мен 5 пен 11 сынып аралығында 39 бала ыстық тамақпен қамтылып келеді екен.

Мектепте тамақтану мәселесімен жеке кәсіпкер айналысып келеді. Ал, тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық - гигиеналық сақтау метеп медбиексінің жауапкершілігінде. Асханада 2 аптаға тағайындалған ас мәзірі мен сыныптардың тамақтану кестесі ілулі. Буфет тағамдарының түрлі мәзірі бірден сатылып кетеді. Шырындардан өзге, қайнаған су да бар.

"Театр киім ілгіштен басталады", - демекші, ыстық тамақты ұйымдастыруда тамақтың сапасы, құнарлығы мен асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі басты назарда қала бермек. Өйкені, өрендердің саулығы - елдің болашағымен тікелей байланысты.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.