Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқу-жаттығудан Түркиядан өтуде

c 17:15, 21/01/2021 c 575

0:00 / 0:00

Мемлекетке 240 млн. теңгеден аса қарыз «Ақжайық» ФК ұжымы Түркия мемлекетіне оқу- жаттығуға кетті. Жергілікті аяқ доп шеберлері шет мемлекетте 20 күн болып, шеберліктерін шыңдап келмекші.Батысқазақстандық клуб Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, өз құрамын нақтыламақ. Команданы Владимир Мазяр баптайды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, премьер-лигаға қайта оралған команда негізінен жергілікті ойыншыларды құрамға тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жаңадан келгендер де оқу-жаттығу жиыны барысында сыннан өтетін болады.«Ақжайық» футбол клубының бас директоры Азамат Шайхы өткен жылы футбол клубын «банкрот» деп тану мақсатында кірістер мекемесіне өтініш қалдырылғанын айтты. Қарызға белшесінен батқан спорттық мекеменің мұндай мәлімдеме жасауына негізгі себеп- осы кезге дейінгі бірнеше басшының мемлекет қаржысын талан-таржыға салып, салық төлеуден жалтарғаны. Бүгінде олардың бірқатары жазаларын темір тордың ар жағында өтеуде. Яғни, жылдар бойы қордаланған қарыз спорттық мекеменің жұмысына кедергі келтіруде. Қазір іс сотта қаралып жатқан көрінеді. Мекеменің тағдыры туралы шешім алдағы уақытта жарияланатын болады.Түрік елінде бүгінде 200-ден аса команда біліктіліктерін арттыруда. 20 күн ішінде жоспар бойынша "Ақжайықтықтар" Еуропа құрамаларымен өзара сынға түсіп, бақтарын сынамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.