Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жұмыстары басталды

c 16:45, 25/04/2019 c 460

Облыс орталығында "Айбын"республикалық 5-ші әскери жиыны басталды. Шара 200-ден астам қатысушының басын қосты. Аталмыш дода бес жыл бойы ұйымдастырылып келеді.

Еліміздің аумағында жастар мен жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеу мен оларды әскери өмірдің қыр-сырымен таныстыру мақсатында "Айбын" әскери патриоттық оқу-жаттығуы ұйымдастырылып келеді. Аталмыш сайыс барлық аудан мен облыс орталықтарын өтіп, мықты командалар республикалық додаға бақтарын сынайды. Шара 3 күнге жоспарланған. Үш тәулік ішінде жасөспірімдер әскери дайындықтарын пысықтайды.

Облыс орталығында ұйымдастыралатын шараға 200-ден астам жастар мен жасөспірімдер қатысуда. Жастар әскери өмірмен танысудың мәні зор,-дейді.

Облыстық сайыстың жеңімпаздары маусым айында Қарағанды облысына қарасты Спаск қаласында ұйымдастырылатын Республикалық "Айбын" әскери оқу-жаттығу сайысына жолдама алмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.