Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЗАҢ ҚАЙДА?»

c 20:52, 11/02 c 34

0:00 / 0:00

Жемқорлықпен күрес жүріп жатыр, шара қабылданып жатыр деген ұрандардан нәтиже жоқ. Депутаттар қай саланы түртіп қалсаң, жемқорлық фактісі шыға келеді дейді. Ал жазылмас дертке айналған ойынқұмарлықты жою үшін депутаттар «Букмекерлік кеңселердің жұмысын реттеу туралы» заң жобасын үкіметке ұсынған болатын. Алайда, 1,5 жыл өтті үкімет оған қорытынды бермей отыр. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мұның астарында жемқорлық бар, жеке адамдардың мүддесі қорғалуда.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әртүрлі ресми емес мәліметтер бойынша трлн теңгеден астам қаражат айналымда екенін хабарлайды. Заң жобасын Үкімет 1,5 жыл ұстап отыр. Осы орайда Үкіметке сұрақтар туындайды. Барлық букмекерлік кеңсе мен лотерея бизнесімен айналысатындар кейбір жабық кездесулерде бұл заң жобасын өткізбейтіндерін айтады. Барлық күшімізді саламыз дейді. Олар қомақты ақша ұсынуы мүмкін деп ойлаймын. Бізде жемқорлық қайда жасырынып отыр? Осындай заң жобасын неге ұстап отыр?»

Депуттар аталған заңда ойын ойнауды 25 жасқа дейін шектеуді көздеген. Туризм және спорт вице-министрі бұл мәселеге қатысты лоббизм әлементтері бар екеніне жоққа шығармады.

МИРАС ТӨЛЕБАЕВ – ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ « Дұрыс айтасыз. Тым созылып кетті. Зерттеудің өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Қоғамдық талқылау, нормативтік құықтық актілер порталындағы талқылау бар. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы аккредиттелген ұйымдар тарапынан қарсылық, қысым болды. Ұлттық экономика министрлігінің ережесі бойынша бұл процедура 45 жұмыс күні уақытты алады. Лоббизм элементтері бар екеніне келісемін»

Ал осыдан 6 ай бұрын Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстанда лудомания мәселесі бар екенін айтқан еді. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, елде жыл сайын 350 мың адам букмекерлік кеңселерде ақша тігеді. Қазақстандық ойнықұмардың орташа қарызы 10 миллион теңге көлемінде. Букмекерлік кеңселердегі ойын қаншама отбасын ойран қылып жатыр. сауалнамаға қатысқан әр он әйелдің жетеуі ойынқұмар күйеуімен ажырасқанын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.