Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨГЕЙ ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН КҮДІКТІГЕ 20 ЖЫЛ ЖАЗА КЕСТІ

c 16:58, 27/05/2021 c 640

0:00 / 0:00

Жабық режимде өткен сот отырысына БАҚ өкілдері қатыспады. Өгей әкесінен зорлық көрген қыз әлі кәмелет жасына толмаған. Қылмыс жасалған уақытта жасы небәрі 10-да болыпты. Жасөспірімнің анасы күйеуімен арада ортақ қыздары дүниеге келген соң азаматтың мінез-құлқы түпкілікті өзгергенін айтады. Оған қоса әйеліне күнде қол көтеруді шығарыпты. Отбасылық жанжалды көріп өскен қыз өгей әкесінің өзіне жасаған қорлығын ешкімге айта алмаған. Барлық шындық анасы қатты соққыдан есінен айырылып құлаған кезде ашылған. Анасынан айрылып қаламын ба деп қорықан жасөспірім сол кезде ғана барлық шындықты жайып салады.
Орал қаласының тұрғыны 2007 жылы туған өгей қызына күш қолданбай, азғындық және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау кезіндегі сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Өгей қызына озбырлық жасаған ер адам 20 жылға сотталды. Сонымен қатар, педагогтық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот заң талаптарын ескере отырып, озбырлық жасаған күдіктіге ең ауыр жаза кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енбеді. Сол себепті қарсы тарап шағым жасауға құқылы.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.