Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстың бас шыршасы жағылды

c 17:42, 27/12/2021 c 4731

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының бас шыршасының шамы жағылды.Мерекелік шырша облыс орталығында тұңғыш президент алаңында орналасқан.

Жыл сайын батысқазақстандықтар тәуелсіздік мерекесін атап өткен соң жаңа жылды мерекелеуді бастайды. Өткен жылдары мейрамға орай, қала көшелері безендіріліп, жаңа жылдық шыршаны күні бұрын құрып, өнерпаздардың концертімен шырша шамдарын жағатын еді. Биыл үрдіске біраз өзгерістер енді. Ауа райының қолайсыздығынан ба екен, шырша сенбі күні кешкі жетіге дейін құрылды. Сағат алтыға жоспарланған мерекелік шара бір сағат кешігіп басталды.

Шырша құрылғасын өнерпаздардың концерті басталды. Өнер иелері сахнаға шығып, әндерін шырқап, қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Боранға қарамастан шыршаның шамдарын жағуға келген жандардың көңіл-күйі көтеріңкі. Мерекелік шараны тамашалаған оралдықтарды сөзге тарттық.

Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, 31-желтоқсан күні мерекелік концерт ұйымдастырылмақ. Тұңғыш президент алаңында өтетін шара отшашумен қорытындыланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.