Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстың ауылшаруашылық саласындағы әлеуеті зор

c 17:14, 11/12/2017 c 540

Франция елінің Қазақстандағы елшісі жергілікті кәсіпкерлікке осындай баға берді. Оралға арнайы іссапармен келген Филипп Мартинэ бүгін өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Аймақтық кәсіпкерлер палатасына арнайы ат басын бұрған Франция елшісіне ең алдымен жергікілті кәсіпкерлік саласының әлеуеті мен атқарылған жұмыстар таныстырылды. Кәсіпкерліктің дамуының жергілікті картасында жасақталған нақты жобалар да сөз болып, әсіресе машинажасақтау бағыты тілге тиек етілді.Ал біздің өңірдің нарығын елші тиімді санайды. Көршілес Ресей елінің нарығына жақын екендігіміз де маңызды рөлге ие. Жоғарда аталған машина жасақтау саласы мен ауылшаруашылығы бағыты француздықтар үшін қызығушылық тудыруда.
Жиын соңында жергілікті кәсіп иелері көкейкесті сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіруге де мүмкіндік алды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.