Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың кезекті 33-ші сессиясы өтті

c 17:55, 19/03/2020 c 376

0:00 / 0:00

Сессияда барлығы 21 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе - өңір бюджеті болды. Нақтыланған қаражат көлемі 5,9 млрд. теңге болып отыр. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бойынша бюджеттің негізгі бағыты - әлеуметтік сала. Сол себепті инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен әлеуметтік блокқа 906 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру, білім мен мәдениет пен спорт және денсаулық салалары қамтылмақ. Сондай-ақ өңірдегі қалалар мен елді мекендердің аумағын аббаттандырудың жаңа ережесі бекітілді. Ережеде жеке және заңды тұлғалардың ғимарттар мен олардың айналасын абаттандыру тәртібі толық түсіндірілген. Соңғы уақыттағы валюта бағамының өзгеруіне орай, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін қайта бекіту БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен сұралды. Жаңа төлемақы шаруа қожалықтары мен тұрғындардың монополиялар реттеу агенттігі бекіткен төлем тарифіне әсер етпейтінін айта кеткен жөн. Депуттарға ұсынылған мәселе санатында Деркөл кенттік округі әкімдігін құру ұсынысы да болды. Бастама қазіргі штаб шеңберінде болғандықтан, қосымша қаражат талап етпейді. Жиын соңында аймақ басшысы өткен жылдың аяғында жасаған дәстүрмен, биылғы жылы да өңір бюджетін үнемдеу мен артық шығындарға жол бермеу - басты мақсат болып қала беретінін атап өтті. Кезекті 33-сесcия соңында Қазақстан мәслихаттары мен БҚО Қазақстан Асамблиясының 25 жылдығына орай бірқатар халық қалаулылары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.