Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 64 КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ

c 10:52, 22/02/2023 c 93

0:00 / 0:00

19 наурыз - ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттарының сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлауалды шаралардың жүргізілуіне араласпайды. Бір учаскеден әр кандидатқа кемінде 3 сенімді өкілін тағайындауына мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінде насихат жұмыстарына Үкімет тарапынан бөлінген қаражат көлемі анықталды.

Мәселен, Мәжіліске бөлінген 950 мың теңгенің 450 мыңы баспа басылымы және теле, радио бағдарламаларға жұмсалады. Оның ішінде кандидат 15 минут телебағдарлама, 10 минут радио хабарда сұхбат беріп, газет-журналдарға 2 бет көлемінде материал жариялай алады. Аумақтық сайлау комиссиясының келтірген ақпараты бойынша үміткерлерге өзге де қаражат көзін қарастыру құқығы беріліпті.

Жұмсалатын қаражат есебіне сай саяси доданың орта шегінде жұмысын аяқтаған кандидат пайдаланған қаржыны қайтаруы тиіс. Өңірден партиялық тізім бойынша облыстық мәслихатқа 64 кандидат, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттығына 11 адам үміткер ретінде тіркелген.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.