Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста 10 мектептің құрылысы салынуда

c 18:34, 14/09/2021 c 472

0:00 / 0:00

2021 жылы БҚО-да10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ордаларының бой көтеруі арқылы апатты және үш маусымда жұмыс істейтін мектептерді алмастырады. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 білім ошағы бала саны көп болуына байланысты үш ауысымда сабақ береді. Олар Орал қаласында, Теректі ауданының Подстепный ауылы мен Ақсай қаласында орналасқан. Мемлекет басшысы 1-қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды тапсырған-ды.

Биыл облыс аумағында әлеуметтік мекемелерді салу үшін 6,2 млрд. теңге қаражат бөлінген. Қыруар қаржы есебінен 10 білім беру ошағының құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі республикалық қаржы есебінен, "Бизнестің жол картасы" бағдарламасымен 4 мектеп, 2 білім ошағы жеке инвестордың қаражатына салынуда. Қазіргі таңда 3 мектеп 3 аусымда сабақ береді.

Облыс орталығында бюджет есебінен 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр.

300 балаға арналған екі қабатты мектептің құрылысы көктемде басталды. Қазіргі таңда нысан басында 80 жұмысшы жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, президент Тоқаев 1-қыркүйектегі жолдауында алдағы 4 жылда елімізде 1000 мектеп салуды тапсырды. Өткен жұмада өткен облыс активінде аймақ басшысы 66 мектеп салу керек деп айтқан-ды. Қазіргі таңда өңірде 10 мектептің құрылысы басталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.