Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облысқа дәрі-дәрмек келді

c 17:50, 21/07/2020 c 699

0:00 / 0:00

БҚО-да дәрінің тапшылығы шешілмей отыр. Аурудан айығу үшін күшті ем қажет. Қазір вирусты сырқатты түрлі дәрімен емдеп жатыр. Азаматтар қажетті дәрісін алу үшін сағаттап дәріхананың кезегінде тұрып, таба алмай, әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап жүр. Облыс аумағына қызу түсіретін, вирусқа қарсы және антибиотик дәрілер келіп жатыр. Оларды әуелі қоймаға түсіріп, кейін аурухана мен дәріханаларға жөнелтеді.

Қазір дәріхананың қоймаларына бұқара халық іздеп, таба алмай жүрген вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер мен парацетамол келген. Мамандар қазіргі таңда қызу түсіретін парацетамол дәрісін өзге дәрілермен алмастыруға болатынын айтады. Соңғы екі аптада қанды сұйылтатын ксералто дәрісін іздеген жандардың қарасы көбейген. Осы дәріні жергілікті дәріханалардан іздеп табу қиын. Бірақ қанды сұйылту үшін тромбопол, кардиомагнил мен асперинді секілді дәрілерді қолдануға болады.

Қазіргі таңда атқарушы билік өкілдері облыста дәрі-дәрмектің үш айға арналған қорын жасақтау үшін жұмыстанып жатыр. Аурухана мен емханалар қаржысы мен науқастардың санына байланысты керек дәрілерін өздері сатып алуға тапсырыс береді.

Ертеректе, дәріге тапсырыс беру, оны алу үшін бір айдай күту керек болатын. Қазір күту уақытын қысқартпақшы. Жақында тағы да дәрі-дәрмек келеді деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.